14-шілде - Францияның Ұлттық мерекесі [fr] [ru]

JPEG
Біздің стратегиялық серіктесіміз Қазақстан Республикасының астанасында Генерал де Голльдің мүсіні орналасқаны - Франция үшін зор мәртебе!

2020-жылы Шарль де Голльдің қатарынан үш мерейтойы аталып өтіледі. Ол 1890-жылдың қарашасында дүниеге келген, яғни туғанына 130 жыл, 1970-жылдың қарашасында көз жұмды, өмірден өткеніне 50 жыл,... Алайда, біз бәрінен бұрын, Генерал де Голльдің 1940-жылдың 18-маусымында жарияланған атақты үндеуінің 80 жылдығын атап өтеміз.

Бұл генерал де Голльдің Лондондағы Би-Би-Си радиосы арқылы таралған алғашқы сөзі еді. Ол осы үндеу арқылы Ұлыбритания аумағында тұрып жатқан барлық француз сарбаздарын, инженерлерін және қаруландыру саласындағы мамандарды өзімен бірігуге, Германияға қарсы күресті одан әрі жалғастыруға шақырды. Осы ретте, ол соғыс ауқымының дүниежүзін қамтитынын болжады.

Сол кезде тыңдаушысы аз болған бұл үндеудің Ақпарат министрлігі ұсынған жазбаша нұсқасы келесі күні «Таймс» пен «Дейли экспрессте» жарияланады. Кейбір француз газеттері де оны қайта басады. Бұл - француз Қарсыласу қозғалысының негізін қалаушы мәтін мен оның символы болып саналады.

Қуғынға ұшыраған жалғыз адамның Фашистік Германияға қарсы шабуыл бастауы - қарсыласу рухын өмірге әкелді және қиын жағдайға тап болғандардың бәріне үлгі-өнеге болды. Өз идеяларының іске асып, жақтастарының көбейіп, түптің түбінде жеңіс тұғырына көтерілуі үшін Де Голльдің 5 жыл күтуіне тура келеді.

Бұл - қазіргі күнге дейін алынбастай көрінетін кез-келген кедергілерге қарсы тойтарыс берудегі барлық күрес үшін үлкен сабақ: бостандық үшін күрес, демократия үшін күрес, індетке қарсы күрес.

Пандемияға қарсы барлығымыз күресудеміз. Бұл әлі аяқталмаған шайқас. Бүгінгі күні барлығымызға, француздар мен қазақстандықтарға керегі батылдық пен қарсылық рухы.

Біз сондай-ақ республиканың негізін қалаушы Шарль де Голльге құрмет көрсетеміз: ол әлі күнге дейін Франция Республикасының Ата заңы болып табылатын 1958 жылғы конституцияны қабылдаған бесінші республиканың алғашқы президенті. Осы құқықтық негіз Франциядағы, саяси өзгерістерден басқа, тұрақтылықты қамтамасыз етті.

Бұл конституция өте маңызды құжат, өйткені онда алғаш рет 1789-жылдың 27-тамызында "Адам және азаматтық құқық құндылықтары" мойындалады.

Бостандық, теңдік, бауырластық: біздің ұранымыз аталып өткен барлық құқықтар мен құндылықтарды топтастырады.

Жыл сайын 14-шілде күні біз республикамыздың және оның құндылықтарының мерекесін атап өтеміз. Сондықтан, біз бүгін Шарль де Голль ескерткішіне гүл шоғын қоюға келдік.

Жасасын Қазақстан! Жасасын Франция! Жасасын Қазақстан мен Франция достығы!

publie le 14/07/2020

hautdepage