10 – ақпан 2016 жыл: Ашық есік күні ! [fr] [ru]

JPEG
Сорбонна-Қазақстан Институты сіздерді “Ашық есік” күніне шақырады.
Дәстүрге айналған мерекелік шара сіздерге Сорбонна-Қазақстан Институтымен танысуға мүмкіндік береді. Бұл мереке - оқушыларға, ата аналарға, талапкерлеге және өзге де қызығушыларға арналған.
Институттың холында сізді қызметкерлер мен білікті мамандар, Франция мемлекетінен шақырылған профессорлар мен кеңесшілер қарсы алады. Олар сіздердің сұрақтарыңызға жауап беріп қана қоймай, Институттың Қазақстанның білім беру жүйесіндегі ерекшелігін толықтай түсіндіріп береді.
Мерекелік шара күні болашақ студенттер тіл мамандарымен қатар, үш кафедра меңгерушілерімен кездесіп, даярлық бағдарламасымен танысады. Сонымен қатар мамандық таңдау жайлы сұрақтарына жауап ала алады.
Күні бойы Институттың қос директорымен кездесіп, мазалаған сұрақтарыңызды қоюға мүмкіндіктеріңіз бар.
Ресми ашылудан кейін, Институттың директоры Нурлихина ханыммен бірге оқу ғимаратын аралап, заманауи техникамен жабдықталған оқу бөлмелерін тамашалауыңызға болады. Сонымен қатар Институттың холында институт тарихы мен ашылуы жайлы бейне материал көрсетіліп тұрады.
Керемет мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

publie le 08/02/2016

Беттің жоғарғы жағын көрсету