«Ұлы Дала ел Анасы» орденімен француз режиссері Катрин Пэкс марапатталды [fr] [ru]

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 2021 ж 19-желтоқсанда француз режиссері және биологы Катрин Пэкс ханым «Ұлы Дала ел Анасы» орденімен марапатталды.

JPEG
Катрин Пэкс түсірген « Алма атасы немесе қайта табылған Эдем бағы» (2010) деректі фильмі академик Аймақ Жаңғалиевтің (1913-2009) Іле Алатуының ну ормандарындағы эндемик Malus Sieversii жабайы алмасы тақырыбына жүргізген ғылыми жұмыстарын дүние жүзіне паш етті. Генетика ғалымдарының таяуда өткізген зерттеулеріне сәйкес жасы 45 млн жылға дейін жететін бұл алма түрі жер бетіндегі алманың түп тамыры болып келеді.

JPEG
Профессор Жаңғалиев бастаған жұмысты бүгінгі күнге дейін Катрин Пэкс ханым он бес жыл бойы ALMA қорының көмегімен (www.almaoriginedelapomme.com) жалғастыруда. ALMA қоры биіктігі 30 метрге дейін және кейбір ағаштарының жасы 300 жылға дейін жететін бұндай ерекше ағаш ормандарын қорғаумен айналысады.

JPEG

publie le 30/12/2021

hautdepage