Үлкен симфониялық концерт: EXPOFRANCE 2025 жолында ! [fr] [ru]

Expo-2017 көрмесі - Франция күні

PNG

«Қазақстан» Орталық концерт залы (Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1 Астана) сағат 20.00

JPEG

Астана қаласының филармониялық оркестрі үлкен симфониялық премьерасымен Францияға арналған күнді аяқтайды. Алғаш рет Қазақстанда Филипп Юи басшылығымен француз репертуарының бейнелі туындысы - Сезар Франк ре минор симфониясы ойнатылады.

Екі француз солисті Юг Борсарелло (скрипка) және Готье Эрманн (виолончель) оркестрге және пианист Ернар Нуртазинға қосылып еуропалық репертуарының аса зор музыкалық туындысы - Людвиг ван Бетховеннің Үштік Концертін (Op. 56) орындайды.

Филипп Юи Париж Операсының көптеген опера және балет қойылымдарында Ұлттық оркестрмен үнемі дирижерлік етуде.

Кешті қазақ симфониялық поэмасы ашады.

JPEG - 81.5 ko
Salle de concerts centrale du Kazakhstan

Әлемдегі ең әдемі және беделді концерттік залдарының бірі «Қазақстан» Орталық концерт залы, архитекторы - Манфреди Николетти. Ғимараттың ашылу рәсімі 2009 жылы өтті.

Кешіңізді қазірден бастап жоспарлаңыз!

Кіру тегін, бірақ отыратын орындар саны шектеулі болғандықтан, алдын-ала тіркелген дұрыс.

Концерт Total қолдауымен ұйымдастырылған..
PNG

Толығырақ ақпарат үшін : http://www.culturefrance.kz/Grand-concert-symphonique-en-route-vers-EXPOFRANCE-2025?lang=kk

publie le 06/06/2017

Беттің жоғарғы жағын көрсету