Қазақстандық дипломат Айгүл ҚҰСПАН ханымға Ерен еңбегі үшін Франция Ұлттық Орденін табыстау [fr] [ru]

2019-жылдың 29-мамырында Францияның Қазақстандағы Елшісінің резиденциясында Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі және Ұлы Люксембург Герцогтығындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, сонымен қатар Қазақстанның Еуро Одақтағы және НАТО-дағы тұрақты өкілі Айгүл ҚҰСПАН ханымды Францияның Ерен еңбегі үшін Ұлттық Орденімен марапаттау рәсімі өтті. Марапат - Нұр-Сұлтанда өткен франкофон әйелдер клубының төртінші жиналысының аясында орын алды.

Еуропа және Сыртқы Істер министрі Жан-Ив Ле Дриан айтқандай, Францияның «феминистік» дипломатия жүргізіп жатқанын өз сөзінде Елші мырза атап өтті. Бұл феминистік дипломатия үш аспекттен тұрады: әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы күрес, әйелдердің білім алуы және әйелдердің экономикалық эмансипациясы (тәуелсіз болуы). Елші мырза Еуропа және Сыртқы Істер министрлігі ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік үшін ішкі жұмыстар да жүргізіп жатқанын айтты. Соңғы бес жыл ішінде әйелдердің саны екі есеге артты: бүгінде Францияны шетелде таныстырып жүрген 52 әйел Елші бар.

Елші сонымен қатар, табысқа жеткен әйел дипломаттардың еңбегіне өз қолдауын білдірді. ҚҰСПАН ханым да осы дипломаттардың қатарында.

« Біз бүгін франко-қазақстандық екіжақты ынтымақтастықтың тағы да тереңдей түсуі мен қарқынды дамуы үшін сіздің әрдайым қосып жүрген үлесіңізге, еңбегіңізге шын жүрегімізбен құрмет көрсетіп, бағалауға жиналдық. Ерен еңбекті бағалайтын, 1963-жылдың 3-желтоқсанындағы жарлық бойынша шыққан Ерен еңбегі үшін Ұлттық Орденінде Францияның үш президентінің, Де Гольдың, сол кезде Премьер министр болған Помпидудың және Қаржы министрі болған Жискар ДЭстеннің қолы қойылған», деп сөзін аяқтады Франция Елшісі Филипп МАРТИНЭ.

publie le 30/05/2019

hautdepage