Қазақстандық KazEOSat-1 жер серігінің ұшырылуы [fr] [ru]

Бүгін біз Қазақстанның тарихы үшін де, біздің екіжақты қарым-қатынасымыздың тарихы үшін де маңызы зор тарихи оқиғаның куәсі болдық. Бүгін Астана уақыты бойынша таңғы 7.35-те Француз Гвианасында орналасқан Куру ғарыш айлағынан ғарыш орбитасына қазақстандық Жерді алыстан барлауға арналған жер серігі KazEOSat-1 ұшырылды.

Екі мемлекет басшысының қол қоюымен 2009 жылы орнаған екіжақты стратегиялық әріптестік аясында Airbus Defence and Space компаниясына Тулузада орналасқан өндіріс кешенінде жер серігін жасап шығару тапсырылды. CNES VEGA зымырандарын осымен үшінші ауаға көтернен Arianespace компаниясымен бірігіп, ол Франция мен Европаның ғарыш саласындағы технологиясы мен шеберлігін тағы бір паш етті.

Қазақстан жер серігінен алынатын Жерді барлау ақпараты мен оның басқа да мүмкіншіліктерін пайдалану арқылы өз дербестігінің іс жүзіндегі көрінісін тағы бір айқындай алады.

Франсис Этьен,


Францияның Қазақстандағы Елшісі

Мақаланың логотипі © Airbus Defence and Space

publie le 12/05/2014

hautdepage