Қазақстанда жаңа Альстом зауыты ашылды [fr] [ru]

4 желтоқсан күні Астанада жаңа электрлі локомотивтер зауыты ашылды. Зауыттың ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, сондай-ақ «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының Президенті Асқар Мамин, «Трансмашхолдинг» компаниясының Президенті Андрей Бокарев, «Альстом» компаниясының Президенті Патрик Крон, жоба әріптесі «Альстом Транспорт» компаниясының Президенті Анри Пупар-Лафарж, және Францияның Қазақстандағы елшісі Жан-Шарль Бертонэ мырзаның қатысуымен өтті.

Алдағы уақытта зауыт елдегі қатаң климатқа қарсы тұра алатын арнайы техникалық мүмкіншіліктерінің арқасында Қазақстан ішіндегі адам және тауар тасымалын жүсеге асыра алатын электрлі локомотивтердің едәуір санын жасап шығарады деп жоспарлануда. Келісімнің жалпы құны 1,3 миллиард АҚШ долларына тең. Альстом компаниясы Астанадағы зауытына 50 миллион евро инвестицияны құйып үлгерді.

(фото: bnews.kz)

publie le 10/12/2012

hautdepage