Қазақстан-Франция: металлургия саласындағы арағайынсыз бизнес- байланыстар [fr] [ru]

«Қазақстанның Кен өндіруші және кен-металлургиялық кәсіпорындары республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі атқарушы директорының орынбасары Төлеген Мұқанов Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Этьенмен кездесті. Әңгімеге қатты пайдалы қазбаларды өндіру мен оларды өңдеу саласындағы қазақстан-француз ынтымақтастығын дамыту мәселесі арқау болды.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың оң динамикасын, екі елдегі әріптестердің арасындағы тікелей диалогтың маңыздылығын атап өтті. Әсіресе, бірлескен қазақстан-француз кәсіпорындарындағы, оның ішінде уран өнеркәсібіндегі өндірістің өсіп отырған қарқынына оң баға берілді. Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында «Катко» ЖШС бірлескен кәсіпорны (ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы мемлекеттік холдингінің құрамына кіретін) кезекті өндірістік рекордты - жиырма мыңыншы тонна уранның өндірілуін атап өтеді.

Елші өз сөзінде, француздық іскер топ өкілдерінің металлургия саласындағы ынтымақтастықты кеңейте түсуге ниетті екенін атап көрсетті. Атап айтқанда, заманауи технологиялар трансферті, металл және көмір өндіру мен оларды өңдеу жобаларына инвестиция салу туралы сөз болды. Осы мақсатта екі елдің кәсіпкерлеріне арнап Интернет-портал жобасы әзірленуде. Портал ағымдағы жылдың шілде айында іске қосылады.

Т.Мұқанов өз кезегінде, жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға енгізілгелі отырған өзгертулер туралы хабардар етті. Атап айтқанда, геологиялық барлауға құқықтарды ресімдеу амалдары барынша жеңілдетілгелі отырғанын жеткізді.

www.ortcom.kz

publie le 13/03/2014

hautdepage